|
15.03.2024 | 10:34
277

Зерделіде жаңадан дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады

2024 жылы Алатау ауданында екі дәрігерлік амбулатория ашылады

Зерделіде жаңадан дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады elements.envato.com

Балаларды сыныптан тыс оқумен қамту үшін 2023 жылы Нұркент шағынауданында көпсалалы Инновациялық шығармашылық орталығы (Оқушылар сарайы) ашылды. Ондағы 38 үйірмеге 1200 бала қатысады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

- 2024 жылдың мамыр айында Зерделі шағынауданында спорттық және тренажерлық залдары, хореография мен үстел ойындары қамтылған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашу жоспарланып отыр, - деді қала басшысы.

Ауданда емханалардың жетіспеушілігі мәселесін шешу және медициналық қызметтің сапасын арттыру мақсатында Саялы және Қарасу шағынаудандарында күніне 200 адамнан қабылдайтын екі отбасылық-дәрігерлік амбулаторияларының құрылысы аяқталып келеді. Қарасу шағынауданында құрал-жабдықтарын монтаждау жұмыстары жүргізіліп, осы жылдың мамыр айында ашылады деп күтілуде. Саялы шағын ауданындағы амбулаторияның құрылысы 2024 жылдың маусымына дейін аяқталмақ.

Оқи отырыңыз: Қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасы жақсарады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир