|
16.04.2024 | 11:53
1011

«Алматы – біздің ортақ үйіміз»: бояу алып, қоршауыңды боя

Іс-шараға қаланың барлық тұрғыны қатыса алады

«Алматы – біздің ортақ үйіміз»: бояу алып, қоршауыңды боя қала әкімдігінің баспасөз қызметі

«Алматы — біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында Алматы қаласының әкімдігі «Өз қоршауыңды/орындығыңды/беседкаңды боя» іс-шарасын өткізетіні туралы хабарлайды. Акция үй маңындағы аумақтың эстетикалық мазмұны мен жеке тұрғын үйлердің қоршауын жақсартуға бағытталған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараға қаланың барлық тұрғыны қатыса алады. Қатысушыларға қоршауды, қақпаны бояуға арналған бояулар мен еріткіштер беріледі. Ол үшін аудандық абаттандыру бөліміндегі жауапты тұлғаға жүгіну қажет. Лак-бояу материалы тегін беріледі. Ескеретін жайт: бір қолға 2 келіден аспайтын бояу беріледі.

Бояу материалын алу үшін төмендегі мекенжай мен байланыс нөміріне хабарласуға болады.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир