|
03.08.2023 | 12:18
2977

Алматы әкімдігі құрылыс салушымен бірлесіп «Ақкент» ТК тұрғындарына пәтерлерді қалпына келтіруде қолдау шарасын көрсетеді

Құрылысты салушы «Ayt housing Complex» ЖШС тарапынан өрт кезінде қаза тапқан жанның отбасына өтеусіз негізде екі бөлмелі пәтер берілетін болады

Алматы әкімдігі құрылыс салушымен бірлесіп «Ақкент» ТК тұрғындарына пәтерлерді қалпына келтіруде қолдау шарасын көрсетеді ТЖМ

1 тамызда өрт кезінде зардап шеккен «Ақкент» ТК тұрғындары өрттің салдарын жою үшін қажетті көмек алады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша тұрғын үй кешенін салушы – «Ayt housing Complex» ЖШС-мен келіссөздер жүргізілді, оның қорытындысы бойынша мынадай шешімдер қабылданды:

- 2 қыркүйекке дейін «Ақкент» ТК пәтерлерінде электрмен жабдықтауды қалпына келтіру;

- құрылыс салушының қаржысы есебінен кіреберіс алаңдарына жөндеу жүргізу;

- құрылыс салушының қаржысы есебінен есіктер мен терезелерді ауыстыруға, құтқару операциясы барысында тартылған балкондарды жөндеуге жұмсалатын шығындарды өтеуге;

- пәтерлерде әрлеу жұмыстарын жүргізу (левкас/қабырғаларды, төбелерді бояу (жөндеуден кейінгі жұмыстарды тұрғындар өздері жүргізеді);

- барлық жұмыстарды аяқтап, тұрғындарға пәтерлерге 20 қыркүйектен кешіктірмей кіруге рұқсат беру;

-  пәтерлерді қалпына келтіру жұмыстары кезеңінде тұрғындарға уақытша тұру бойынша шығыстарды өтеуге немесе ТЖ желісі бойынша шаралар аясында тұрғын үй беруге;

- Қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендерге денсаулықты қалпына келтіру бойынша, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (мамандандырылған емдеу, емдеуге жатқызу)шеңберінде медициналық көмек көрсету;

Еске салсақ, құрылысты салушы «Ayt housing Complex» ЖШС тарапынан өрт кезінде қаза тапқан жанның отбасына өтеусіз негізде екі бөлмелі пәтер берілетін болады.

Оқи отырыңыз: Ақкентте өрттен зақымдалған пәтерлерге жөндеу жұмысын жүргіземіз – құрылыс компаниясы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир