|
30.08.2024 | 12:39
1921

Ата заң – тәуелсіздік тірегі: Алматыдағы Абай алаңында мерекелік концерт нешеде басталады

Концертке Роза Рымбаева, Бүркіт пен Айша, ADAM, TURAR, Қуандық Рахым, Ғаділбек Жанай қатысады

Ата заң – тәуелсіздік тірегі: Алматыдағы Абай алаңында мерекелік концерт нешеде басталады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

30 тамыз сағат 19:00-де Абай атындағы алаңда Республика сарайының алдында «Ата заң – тәуелсіздік тірегі» атты концерт өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала тұрғындары мен қонақтары ашық аспан астында үлкен экранда Конституция қабылданған сәттен бастап тарихи кадрларды тамашалап, қазақстандық эстрада әншілерінің орындауында танымал композицияларды тыңдай алады.

Концертте Роза Рымбаева, Бүркіт пен Айша, ADAM, TURAR, Қуандық Рахым, Ғаділбек Жанай, Диана Исмаил, Төлеген Рахымбаев, JCS, NAZAR топтары және т.б. өнер көрсетеді.

Сонымен қатар бағдарламада аспаптық музыкаға негізделген «Hassak» этно-фольклорлық ұжымы мен «Алдаспан» тобының әсерлі қойылымы қойылады.

Концерттің шарықтау шегі сағат 21:00-де «Көктөбе» телемұнарасына сәулеттік-көркемдік жарық беру  салтанатты іс-шарасына ұласады.

Оқи отырыңыз: Конституция күні: Алматыдағы «Көктөбе» телемұнарасына жарық қай уақытта беріледі

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир