Балалар спортын дамыту - Алматы әкімдігінің басымдықтарының бірі – Досаев

Алматы қаласы әкімдігі
Алматы қаласы әкімдігі
Бұл туралы мегаполис әкімі Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тұрғынның сұрағы: 

- Менің балам спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатта оқиды. Бұл нысан жөндеуді қажет етеді, осы мәселеге назар аударуды сұраймыз.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың жауабы:

- Алматыда балалар спортына жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Біз қазір спорт мектептерінің инфрақұрылымын жаңарту бойынша жұмысты жоспарлы түрде бастадық және жобалар дайын болған кезде оларды іске асыратын боламыз. Келесі үш жыл ішінде мұны белсенді түрде жасаймыз. Өткен жылдан бастап осы саланы қаржыландыруды ұлғайттық, жас спортшылардың жарыстарға қатысуға арналған шығындарын қостық. Чемпиондар бірден тумайды, бәрі мектептен басталады, сондықтан бұл мәселе біздің басымдығымыз болады.  

Құрылыс басқармасының басшысы Алмас Шабдарбаевтың түсініктемесі:

- Алмалы ауданындағы мамандандырылған мектепке қатысты жобамен айналысып жатырмыз. Келесі жылдың мамыр айында мемлекеттік сараптама шығады деп жоспарлап отырмыз, ал маусым айында қолданыстағы ғимаратты бұзып, жаңа ғимараттың құрылысын бастаймыз.

 Оқи отырыңыз: «Халық қатысатын бюджет»: Алмалы ауданында 47 жоба жүзеге асырылды

Новости партнеров