Алматы полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды

Алматы ПД баспасөз қызметі
Алматы ПД баспасөз қызметі
Жанармай құю бекеттері де бақылауға алынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қоғамдық тәртіпті 2 мыңнан астам полиция қызметкері қамтамасыз етуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Патрульдік полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция мен жедел бөлімшелердің инспекторлары қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды.

Сонымен қатар тергеу-жедел топтар күшейтілді.

Қаладағы жалпы білім беретін мектептер мен медициналық мекемелердің жағдайына ерекше назар аударылуда.

Алматыда жедел және жол қозғалысы жағдайы тұрақты және бақылауда.

Солтүстік-оңтүстік-шығыс-батыс бағыттарындағы жол қозғалысы автокөлік қозғалысының көбеюіне қарамастан, әдеттегідей бағдаршамның көмегімен жүзеге асырылады.

Күрделі қозғалыс жағдайында қозғалыс қолмен басқаруға ауыстырылады.

Жанармай құю бекеттері де бақылауға алынды.

Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ азаматтардың мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және қылмыстардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.

Сонымен қатар Алматы полициясы азаматтарды ақпараттық мәдениеттілікке шақырады және тек ресми ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сенуді ұсынады.

Оқи отырыңыз: Жер сілкінісі: Алматыда жедел желі іске қосылды

Новости партнеров