Б. Сағынтаев құрылыс компанияларына мектеп, балабақша және амбулатория қажеттілігін ескеруді тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Есептік кездесу барысында қала тұрғындарының сұрақтарына жауап бере отырып, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және қоғамдық кеңістіктер салу жөнінде хабарлады.
Әуезов ауданының тұрғыны саябақтар, скверлер мен субұрқақтар салу қажеттілігі туралы мәселені қозғады. Қала әкімі Б. Сағынтаев бүгінде құрылыс салушылар алдында тұрғын үй кешенін салу кезінде кешенді түрде қарау талабы қойылғанын түсіндірді. Бұл ретте мектептер, балабақшалар мен емханаларға деген қажеттілікті ескеру қажет.
Бұл принцип қазірдің өзінде қолданылады. Мысалы, Алатау ауданында 22 үйден тұратын «Мәдениет» ТК салынуда. Жобамен 120 орындық балабақша құрылысы қарастырылған. Қайрат ш/а 41 үйдің құрылысы басталды, жобада 1500 орындық мектеп, 260 орындық балабақша, емхана қарастырылған.
Демалыс орындарын жақсарту және құру мақсатында аулалар жөнделуде, ойын және спорт алаңдары құрылуда. Мысалы, Әуезов ауданында 2020 жылы 205 аула, 9 сквер жөнделді, 5 бос учаске, 2 жағалау аймағы абаттандырылды, 10 шағын аудандағы жаяу жүргіншілер аймағы жөнделуде.
Сондай-ақ бұл ауданда бір кездері қараусыз қалған учаскелерде скверлер мен көшелер бойында 10 спорт алаңы салынды, аулаларды жөндеу кезінде тағы 50 алаң құрылды.