Келер жылы Наурызбай ауданында магистральдық газ желі салынады

Almaty.tv
Almaty.tv

Бірнеше шағынаудан көгілдір отын көзіне қосылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Келесі жылы Алматының Наурызбай ауданында газбен жабдықтаудың магистральдық желісінің құрылысы басталады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин 2024-2026 жылдарға арналған мегаполис бюджетінің жобасы қаралған Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясында хабарлады. Айтуынша биыл 14,6 млрд теңгеге 17,7 км жылу желісін қайта жаңарту және жөндеу жұмыстары жүргізілген. «ҚазТрансГаз Аймақ» инвестициялық бағдарламасы бойынша 355 жеке тұрғын үйді қамтитын 23,2 км газбен жабдықтау желісінің құрылысы жүргізіліп жатыр.

- Келесі жылы жергілікті бюджет қаражатына 1,6 млрд теңге көлемінде Наурызбай ауданында газбен жабдықтаудың магистральдық желісі құрылысы басталады. «Alma City», «Елім-ай 4» сияқты тұрғын үй кешендерінің және «Елисей алаңдары» коттедж қалашығының 3 мың тұрғыны қамтылады, - деді Асқар Әмрин.

Оның айтуынша 2024 жылы 30 нысанды қамтитын 5 қазандықты (Жұлдыз, Солнечная, Тайыров, Медеу және Кемел шағынауданы) қайта жаңарту аяқталады. Оған 2,7 млрд теңге бөлінеді. Келесі жылы 10,2 км астам жылу желісін қайта жаңарту аяқталады. Келер жылдың бюджетінде бұл мақсаттарға 5,9 млрд теңге қарастырылған.

Сонымен қатар 2024 жылы Наурызбай ауданында тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы бар тұрғын үй құрылысы жалғасады. Оған 12 млрд теңге бөлінеді.

Оқи отырыңыз: Алматыда қанша сумен қамту нысанының құрылысы аяқталады

Новости партнеров