Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова қалада жылу беру маусымы әдеттегіден сәл ерте басталуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv kz-ке Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
28 қыркүйекте өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте журналистер Әсел Қалықоваға 2022 жылы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлері Алматыда суық тию жағдайларының көбеюін жылуды кеш қосумен байланыстырғанын еске салды.
- Жылу беру маусымының уақтылы басталуы үшін қала басшылығына қандай да бір тілектер жолдадыңыздар ма? – деп сұрады олар Әсел Қалықовадан.
Ол санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары тарапынан осындай ұсыныстар берілгенін атап өтті.
- Ауа райы жағдайын ескерсек, суық түскелі көп те болған жоқ, ал қазір күн жылынғанын байқап отырмыз, бірақ олар біздің ұсынысымызға құлақ асып, жылуды сәл ертерек береді деп ойлаймын, – деді Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Қалықова.
"Алматы жылу желілері" ЖШС Алматы қаласын жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес, уәкілетті органның қаулысымен сыртқы ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасы бес күнде +8°С және одан төмен болған кезде нысандарға кезең-кезеңімен жылу қосылатынын айтты.
Оқи отырыңыз: Алматыда барлық заңсыз құрылыс сот шешімі бойынша сүріледі