|
15.09.2024 | 14:38
441

Биыл «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағымен кімдер марапатталды

Марапатталған азаматтар қатарында ғалым, дәрігер, суретші, қоғам қайраткерлері бар

Биыл «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағымен кімдер марапатталды Фото: Алматы әкімдігі


Алматыда Республика сарайы алдындағы Абай атындағы алаңда Қала күнін мерекелеу аясында мегаполистің дамуына үлес қосқан ең лайықты азаматтар атап өтілді. Оларға «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. Арнайы ерекше төсбелгілерді Алматы әкімі Ерболат Досаев табыстады және олардың сөзбен емес ерен еңбектерімен, үлгілі өмірлерімен Алматыға деген шынайы сүйіспеншілігін дәлелдейтінін атап өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Марапатталған азаматтар қатарында үздік ұйымдар, ғалым, дәрігер, суретші, қоғам қайраткерлері бар. Атап айтқанда:

«Мемлекеттік қуыршақ театры» КМҚК.

Театрдың негізін қалаушылар: К.Бадыров, С.Телғараев, А.Федорченко, А.Анчаров, Л.Хамиди, Б.Ерзакович, Д.Лидман, К.Ешмұратова, С.Мақұлбеков. Театрда 122 қызметкер жұмыс істейді.

ҚР мемлекеттік наградаларымен марапатталған театр артистері: 2 адам «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы, 2 адамға «Ерен еңбегі үшін» медалі берілді, ҚР ведомстволық марапаттарына ие болған: 3 адам «Қазақстанның мәдениет қайраткері» төсбелгісімен, 13 адам «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен және 1 адам «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.

2023 жылы Театр «Ең үздік балалар спектаклі», «Қуыршақ театрлары арасында жылдың спектаклі», «Балаларға арналған спектакльдегі үздік шығармашылық жұмыс» және «Жылдың үздік режиссері» номинацияларында айтулы театр марапаттарына ие болды.

Театр ұжымы үнемі халықаралық фестивальдерге қатысып келеді (Канада, Қытай, Түркия, Чехия, Жапония, Болгария, Молдова, Ресей, Татарстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан).


Төлепбай Ерболат Тоғысбайұлы – Суретші-кескіндемеші, «Асем арт» қоғамдық қорының жетекшісі, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының, Сальвадор Дали атындағы Халықаралық Альянс сыйлығының лауреаты, Ресей, Чехия, Қырғызстан Өнер академиясының академигі, Француз өнер және әдебиет орденінің кавалері, «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша платиналық «Тарлан» жоғары сыйлығының иегері.

Канапьянов Ерұлан Мұсаханұлы – Композитор, белгілі қоғам қайраткері, меценат, ауқымды қоғамдық акцияларды, фестивальдар мен өнер форумдарын ұйымдастырушы. «Еуразиялық мәдениет қоры» ҚҚ президенті. Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі. 7-ші Қысқы Азия ойындарының және 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада Алау эстафетасы әнұрандарының авторы.

Уткин Алексей Федорович – Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Ленин комсомолы сыйлығының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Есдәулет Ұлықбек – ТҮРКСОЙ жанындағы түркі мемлекеттері жазушылар одағының төрағасы, ақын, журналист, редактор.

Байнатов Жұмабай – ҚР техника ғылымдарының докторы, ҚР еңбек сіңірген өнертапқышы, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі.

Шардинов Ахметжан Бакримович – Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «АЗМК Group» ЖШС директорлар Кеңесі төрағасының кеңесшісі.

Нұрланова Гүлнәр Қазтайқызы – «Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы» КМК директоры.

Душимов Дмитрий Аббасович – «Ел Самғау» ҚҚ басшысы. Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация ардагері. «Құрметті авиатор».

Смағұлов Нұрлан Еркебұланұлы – Кәсіпкер, меценат, «Astana Group» холдингінің президенті және негізін қалаушы.

 Оқи отырыңыз: Ерболат Досаев алматылықтарды қала күнімен құттықтады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир