Жаңа жылдық тарту: Түрксіб ауданында тұратын бүлдіршіндерге сыйлық таратылды
Almaty.tv
Түрксіб ауданындағы «Бақытты отбасы» орталығында 5 мыңнан аса отбасы тіркелген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жаңа жыл қарсаңында Алматы қаласы мәслихатының депутаты бүлдіршіндерді қуантты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол Түрксіб ауданында тұратын 100 шақты балаға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Халық қалаулысы биыл әлеуметтік осал топтан шыққан бас-аяғы 250-ден аса балаға тәттілер тарту етіпті. Айта кетейік, Түрксіб ауданындағы «Бақытты отбасы» орталығында 5 мыңнан аса отбасы тіркелген. Олардың басым бөлігі көмекке мұқтаж және көпбалалы отбасы.
«Мұндай игі іс бір жылмен шектелмейді. Біз тұрақты түрде соңғы 5 жылдан бері көмек қолын созып келеміз. Жаңа жылдық сыйлықтарды бүгін таратып бастадық. Балалардың қуанышын көру – керемет», – деді қалалық мәслихат депутаты Шухрад Шардинов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33