|
28.02.2024 | 15:17
1026

Алматыда жыл соңына дейін 500-ге жуық ақылды бағдаршам орнатылады

Жол қозғалысын автоматты басқару жүйесін іске асыру жалғасады

Алматыда жыл соңына дейін 500-ге жуық ақылды бағдаршам орнатылады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда бағдаршамдарға адаптивті басқару жүйесін енгізу жұмысы аяқталады, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Мегаполисте биыл жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі (ЖҚБЖ) жобасын іске асыру жалғасады. Көшелердің өткізу қабілетін арттыру мақсатында жүйеге қаланың барлық бағдаршамы қосылады.

Жобаны іске асырудың бірінші кезеңі 2021 жылы, ЖҚБЖ -ға 93 бағдаршам қосылған кезде басталды. Сонымен қатар орталық басқару пунктінің үй-жайларын, мамандандырылған жабдықтарды қайта жаңарту жүргізілді және бағдарламалық қамтамасыз ету орнатылды.

Сонымен бірге жалпы ұзындығы 56,5 км болатын жаңа талшықты-оптикалық байланыс жүйесі салынды. Барлық 93 бағдаршам нысаны еуропалық электронды жабдықтармен толықтырылды.

Алматы қалалық мобилділік басқармасының хабарлауынша, биыл басталатын жобаның екінші кезеңі аясында қалған 498 бағдаршам нысанын жаңғырту жоспарлануда. Жұмыс осы жылдың екінші жартыжылдығында Алматы әкімдігінің жобалық кеңсесі аясында басталып, жыл соңына дейін аяқталады.

- Соның нәтижесінде бағыттар бойынша нақты қозғалыс қарқынын ескере отырып, нақты уақыт режимінде қиылыстардағы жол қозғалысын реттеу қамтамасыз етіледі. Яғни сенсорлар мен камералар келесі қиылысқа көліктің нақты санын жібереді. Тиісінше кері санақ тақтасы адаптивті режимде жұмыс істейді, - деді қалалық мобилділік басқармасы.

Болашақта жүйеге бағдарламалық қамтамасыз етуді біріктіру жоспарлануда, бұл қиылыста мамандандырылған және қоғамдық көлікке басымдық беруге жол ашады.

Оқи отырыңыз: Алматыда ауаны ластап жүрген қанша көлік анықталды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир