|
24.08.2023 | 15:17
2237

Қала әкімінің Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуінде қандай мәселе талқыланды

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ауданда 7900 орынға арналған 5 жаңа мектеп салынады

Қала әкімінің Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуінде қандай мәселе талқыланды Almaty.tv

Жыл соңына дейін Наурызбай ауданының 55 мың тұрғыны таза ауыз сумен қамтылады. Бұл туралы Алматы әкім Ерболат Досаев халықпен кездесуі кезінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Баяндамасын өзекті мәселеден бастаған ол қазір Ақжар, Шұғыла және Таусамалы шағын ауданында ұзындығы 106 шақырым болатын су және кәріз құбырының салынып жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ тұрғындардың жайлылығы үшін де бірқатар шаруа қолға алыныпты. Мәселен қыркүйек айынан бастап Қарғалы өзенінің жағалауы абаттандырылмақ. Жарық бағандары орнатылып, балаларға арналған спорт алаңдарын салу көзделген. Қала басшысы аудандағы жасыл желектерді автоматты суару жүйесіне қосу жоспарланғанын айтты.

– Ақжар және Шұғыла шағынаудан тұрғындары көктемгі-жазғы кезеңде 20 жылдан бері ауыз су тапшылығын тартып келді. Магистарльді су құбыры 5,4 км сорғы стансалары салынды. Осы жылдың 1 тамызынан бастап абоненттер қосыла бастады. 22 мың тұрғын орталықтандырылған суға қол жеткізетін болады. Инженерлік желілердің екінші кезеңі аяқталғанда тағы 13 мың тұрғын ауыз су мен қамыталады, – деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Наурызбай ауданында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі шаруалар іске асып жатыр. Қала әкімі қарашаның соңына дейін аймақтағы 44 көшенің сыртқы жарықпен қамтылатынын айтты. Бейнебақылау жүйесін дамыту аясында 900 камера орнатылмақ. Ерболат Досаевтың айтуынша, оның басым бөлігі адам көп жиналатын орындарға қойылады..

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ауданда 7900 орынға арналған 5 жаңа мектеп салынады. Бұл білім мекемелеріндегі оқушы орны тапшылығын азайтуға мүмкіндік бермек. Қала басшысысы өз баяндамасында жол-инфрақұрылым жұмыстарына қатысты көрсеткішке де тоқталды.

– Наурызбай ауданындағы барлық шағынауданда жолдың жөндеу жұмысы белсенді жүргізілуде. Бүгінгі таңда 70 көшеде 30 мың шаршы метр жол жөнделді. Жыл соңына дейін тағы 25 мың шаршы метр көшені жөндеу жоспарланған, – деді Ерболат Досаев.  

Оқи отырыңыз: Наурызбай ауданының көлік бағыты жаңа автобустармен толықты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир