|
24.08.2023 | 12:48
2316

Наурызбай ауданының көлік бағыты жаңа автобустармен толықты

Биылғы жылы Алматыда коммуналдық автопарк 600 газ автобусы мен 100 троллейбус сатып алды

Наурызбай ауданының көлік бағыты жаңа автобустармен толықты 2gis.kz

Алматы әкімдігі қоғамдық көлік сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлуде. Наурызбай ауданының тұрғындары үшін 3 бағытта жылжымалы құрам жаңартылып, күшейтілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәселен, №15, 47, 119 бағыттарда автобустар саны 52-ден 57-ге дейін өсті.

"Сондай-ақ желтоқсанға дейін Наурызбай ауданына қызмет көрсететін №50 - 10-нан 20-ға дейін, № 118 – 23-тен 25-ке дейін, № 212 - 14-тен 22-ге дейін 3-бағыты күшейтіліп, жаңарады", - деді әкім.

Еске салсақ, биыл Алматыда коммуналдық автопарк 600 газ автобусы мен 100 троллейбус сатып алды. 100 автобус қалаға келді және құжаттар ресімделгендіктен желіге шығады. Жаңа жылжымалы бірліктер келіп түскен сайын неғұрлым талап етілетін бағыттар жаңартылып, күшейтілетін болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир