Алматыда Қазақстан халқы тілдері күніне арналған қандай іс-шара өтеді

қала әкімдігінің баспасөз қызметі
қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Жиналған қауым алдында танымал артистер өнер көрсетеді, мереке жастардың би кешімен аяқталады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының әкімдігі 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мен Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Ана тілім – ардағым» атты мерекелік іс-шара өткізеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сағат 17:00-де Орталық демалыс саябағында басталатын мерекеге ақындар мен жазушылар, өнер қайраткерлері, еңбек ардагерлері, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары, студенттер мен оқушылар қатысады.

Жастар қазақ тілі, ұлттық өнер, әдебиет және Ахмет Байтұрсынұлының өмірі туралы викторинаға қатысып, дұрыс жауап бергендер сыйлықтар алады. Сондай-ақ жиналған қауым алдында танымал артистер өнер көрсетеді, мереке жастардың би кешімен аяқталады.

Сонымен қатар, қаланың бірқатар ауданында түрлі іс-шара өтеді: 3 қыркүйекте Түрксіб ауданында Ахмет Байтұрсынұлының туған күні мен Қазақстан халқы тілдері күніне арналған дөңгелек үстел өтеді.

5 қыркүйек сағат 10:00-де Алмалы ауданында А. Байтұрсынұлы ескерткішіне гүл шоғы қойылады, ал 10:30-да Байтұрсынұлы өмір сүрген музей-үйде республикалық конференция ұйымдастырылады.

5 қыркүйек сағат 11:00-де Әуезов ауданының әкімі аппараты Қазақ жазушылары кітапханасында оқушылар арасында «Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы» атты фестиваль өткізеді (11-шағынаудан, 37-үй).

5 қыркүйек сағат 11:00-де Наурызбай ауданында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл – қазына кілті» тақырыбында зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтеді («Шұғыла» шағынауданы, 343/7).

Елімізде 2018 жылдан бастап қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың негізін қалаушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Қазақстан халқы тілдері күні аталып өтеді.

Оқи отырыңыз: Алматыда 1984 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан құбыр ауыстырылды

Новости партнеров