|
22.12.2023 | 15:20
1592

Алматының қай көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Белгіленген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз

Алматының қай көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі elements.envato.com

2023 жылғы 23 желтоқсанда сағат 23.00-ден 24 желтоқсанда сағат 11.00-ге дейін Алматы қаласының Әуезов ауданында Алтынсарин даңғылы мен Қуанышбаев көшесінің қиылысында жол қозғалысы жабылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

- Көшенің осы аралығындағы жүріс бөлігінің астында жатқан кабель желілерін реконструкциялау қажет. Учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті   қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және осы учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз, - делінген хабарламада «Алматы жылу желілері» ЖШС

Оқи отырыңыз: Шетелден әкелінген автокөліктерді жыл соңына дейін заңдастыруға уақыт бар

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир