|
15.04.2024 | 15:38
153

Алматы – біздің ортақ үйіміз: Наурызбай ауданындағы 8 мың шаршы метр жол жөнделеді

Науқанға 70-тен астам адам мен 14 арнайы техника жұмылдырылған

Алматы – біздің ортақ үйіміз: Наурызбай ауданындағы 8 мың шаршы метр жол жөнделеді Almaty.tv

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында Наурызбай ауданындағы 8 мың шаршы метр жол жөнделеді. Оған 70-тен астам адам мен 14 арнайы техника жұмылдырылған. Бұл туралы ауданның инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімінің мамандары айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айта кетейік, тазалық іс-шарасы өтетін бір ай ішінде қалада 300 мың шаршы метр жол жөнделеді. Науқан 8 сәуір күні басталған.

– Ауданда 7 көшеге жөндеу жүргізілді. Науқан аясында 20-дан астам көше, 8 мың шаршы метр аймақ жөнделеді, – деді Наурызбай ауданы Инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімінің бас инспекторы Ержан Төлендиев.

Оқи отырыңыз: «Алматы-біздің ортақ үйіміз» науқанының бірінші аптасының қорытындысы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир