Маңғыстаулық келіншек күйеуі сөзбен балағаттап, күш көрсеткенін айтып, полицияға шағымданды. Ер адам 10 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv. тілшісі Аlash.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Түпқараған аудандық сотында әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-2-бабы 1-1-бөлігі бойынша Е. есімді азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық (Физикалық ауырлық келтіре отырып ұрып-соғу немесе күш көрсету, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келмеген) туралы іс қаралды.
- Сотта Саин Шапағатов ауылының тұрғыны әйелімен жанжал кезінде оны қорлап, бір қолымен мойнынан ұстап тұрғаны, яғни күш көрсеткені, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келтірмегені анықталды, – деп атап өтті Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Оқи отырыңыз: Мегаполистегі "Атакент" павильонында өрт шықты(Видео)