«Алматы – біздің ортақ үйіміз» жалпықалалық науқанының қорытындысы шықты

қала әкімдігінің баспасөз қызметі
қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Науқанның негізгі мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылықтарын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елді мекендердің аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру туралы «Таза Қазақстан» акциясы аясында Алматы қаласының әкімдігі 2024 жылғы 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы — біздің ортақ үйіміз» науқанын іске асырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Науқанның негізгі мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылықтарын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу.

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында өтті және 4 тақырыптық аптаға бөлінді:

1) «Біздің қала – біздің көшелер» (8-14 сәуір) – қалалық инфрақұрылымды ретке келтіру апталығы. 1 760 аялдама кешенін жуу жүргізілді, 15 610 орындық пен 25 136 көше урнасы сырланды, 1 485 контейнер алаңын дезинфекциялау және жуу, 480 бағдаршам объектісін сырланды және 10 197 жол белгілері көтергіштері жуылды.

2) «Біздің қала – біздің аула, біздің үй» (15-21 сәуір) - аулаларды, ойын алаңдарын тазарту апталығы. Жергілікті қоғамдастықтармен (ПИК, ОСИ) бірлесіп 5 567 аула аумағын тазалау жүргізілді. Қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарына 73 188 текше метр қоқыс шығарылды.

3) «Біздің қала - біздің таулар, өзендер мен көлдер» (22-28 сәуір) - су айдындары мен өзендердің, саябақтардың, скверлер мен тау бөктерінің жағалауларын тазарту апталығы. Коммуналдық қызмет қызметкерлерінің, экобелсенділердің, еріктілер мен қоғам белсенділерінің қатысуымен Есентай, Кіші және Үлкен Алматы, Қарғалы, Боралдай, Ақсай, Жарбұлақ, Тұйықсай, Қарасу, Еременсай, Тастыбұлақ өзендерінің, Керең құлақ, Бекенбай, Әбілғазы, Ботбайсай, Шыбынсай, Терісбұлақ, Беделбай өзендерінің, Сайран және Әуежай көлдерінің, ҮАК, М2 және М1 каналдарының жағалаулары тазартылды. Осындай жұмыс қаланың 445 саябағы мен скверінде жүргізілді. Тақырыптық апта ішінде тазарту жұмыстарына 2 680 адам қатысты, 408 бірлік арнайы техника жұмылдырылды, 20 120 текше метр қоқыс шығарылды.

4) «Біздің қаламыз – біздің мақтанышымыз» (29 сәуір – 8 мамыр) - ескерткіштер мен мәдениет нысандарын тазарту апталығы. Тарихи-мәдени мұра объектілерінің аумақтарын кешенді жинау жүргізілді. 57 ескерткіш пен мүсін (Тәуелсіздік монументі, «Тағзым» мемориалы, Ш.Уәлиханов, Н. Тілендиев, Ж. Жабаев, М. Әуезов, Ы.Алтынсарин, О. Жандосов, Қ. Сәтбаев және т. б.) жуылды және ретке келтірілді.

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталғалы бері 30 мыңнан астам қатты ағаш және 5 мың бұта отырғызылды, оның ішінде «Жасыл аула» акциясы аясында алматылықтарға 3 мың ағаш көшеті, ал «Алматы – бақ қала» жалпықалалық акциясы барысында қала тұрғындарына 8 мыңнан астам көшет таратылды. Жолдарды ретке келтіру мақсатында қаланың көше-жол желісінің магистральдық көшелерінде ағымдағы (шұңқырлы) жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 41 мың шаршы метр асфальтбетон жабыны жөнделді.

Оқи отырыңыз: Алматыда Рақымжан Қошқарбаевтың 100-жылдығына арналған көрме ашылды

Новости партнеров