|
01.02.2021 | 15:55
4722

Алатау ауданының әкімі Азамат Бескемпірұлы халыққа есеп берді

Жолданған сұрақтардың ішіндегі ең маңыздысы қандай?

Алатау ауданының әкімі Азамат Бескемпірұлы халыққа есеп берді Almaty.tv

Алматы қаласы аудан әкімдерінің халық алдындағы есептік кездесуі басталды. Бірінші болып есеп беруді Алатау ауданының әкімі Азамат Бескемпірұлы бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл бұл кездесу пандемияға байланысты онлайн форматқа ауыстырылған. «Алматы» арнасының тікелей эфиріндегі есептік кездесуде аудандағы маңызды түйткілдер талқыланып, биылға жоспар ұсынылды. Тұрғындар әлеуметтік желілер мен ZOOM платформасы арқылы тікелей эфирге қосылып, көкейіндегі сауалдарын жолдады. Жолданған сұрақтардың ішіндегі ең маңыздысы – су, жол және жарық мәселесіне қатысты болды.  

«Алғабас» ықшам ауданының басты көшелерінде жарық мәселесі бар. Соның ішіндегі тұйық көшелерде жарық жоқ. Осы жарықтандыру мәселесін шешіп беруді сұраймын. Өзіміздің ықшам ауданда кешкісін далаға шыққанда, балалар дайындықтан қайтқанда жарық жоқ, қорқады балалар, халыққа жүріп-тұруға ыңғайсыз», – деді Алатау ауданының тұрғыны Аягөз Есіркепқызы.

«Өткен жылы аудан көшелерінің жарықпен қамтылуын 75%-ға жеткіздік. Биыл тағы 515 көшеге жарық орнатылса, жыл соңына дейін аудан көшелерінің жарықтандырылуы 100%-ға жетеді деп сеніммен айта аламыз», – деді Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков.

Аудан аумағында 23 ықшамаудан бар. Халық санының артуына байланысты, мұндағы білім ошақтарында бүгінге дейін орын жетпей келеді. Бұл мәселе есептік кездесуде айтылды. Ал, «Шаңырақ-5» шағын ауданының оқушылары «Саялыдағы» мектепке барып оқиды. Жұртшылық қиындық туғызып жатқан  осы жайтты шешіп беруді сұрады.

«Шаңырақ-5» - «Саялы-2»-ні қамтитын ықшамаудан. Сол жерде 550 орындық мектеп салуға жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда. Оған қоса, 160 орындық балабақша салу да жоспарда бар», – деді Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир