XII Алматы Азаматтық форумының барысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев iAzamat интерактивті қосымшасының іске қосылғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
iAzamat интерактивті қосымшасының іске қосылғаны туралы толығырақ Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Алматы қаласын дамыту орталығы» Басқармасы Төрағасының орынбасары Нұртас Қайыров айтты.
Сондай-ақ, брифингке «Алматы қаласын дамыту орталығы» қоғамдық коммуникациялар Департаментінің директоры Әлия Жақсылықова және орталықтың IT-әзірлеушісі Алан Аларбаев қатысты.
Осы жылдың 16 наурызы Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін iAzamat қалалық қосымшаның бета-нұсқасы іске қосылған болатын.
Қосымшаны жасаушылардың айтуынша, ол тұрғындарды Алматының оң өзгерісіне, соның ішінде: қоғамдық көлік, жолдардың жөнделуі, ТКШ, абаттандыру, көгалдандыру, көшелерді тазарту, жарықтандыру және т.б. бағыттар бойынша тартуға бағыталған.
«Аталған қосымша қала тұрғындарының қаланың билік өкілдерімен өзара диалог жүргізудің алаңы. Қала тұрғындары кез келген жоба жайлы өз көзқарастарын айтып, талқылап, ұсыныстарын да білдіре алады. Бірінші кезеңде қосымша қала тұрғындарының көзқарасын ескере отырып платформа жасайды. Қала тұрғындары бікелей эфирде, онлайн режимде өз ойларын айта алады. Әкімдік қызметкерлері және Қаланы дамыту орталығы конструктивті диалог құрып, тұрғындардың сұрақтарына жауап береді», – деп атап өтті Н.Қайыров.
Басты мақсаты – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру және қала тұрғындары мен билік арасында кедергісіз диалог құру, қала жаңалықтары мен шаралары туралы жедел хабарландыру, жершілікті атқарушы органдардың есеп беруі мен ашықтығы.
Міндеттері:
- талқылаулар мен дауыс берулерді өткізу;
- қала тұрғындары арасында сауалнама жүргізу;
- заманауи ақпараттық сипаттамаларды пайдалану - QR кодтары;
- қала өмірі туралы пайдалы ақпарат көзі;
- белсенділік үшін бонустар жүйесін енгізу (әзірленуде);
- қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру үшін қалалық DamuMed, City Bus, Almaty tourist және т.б. сервистермен интеграциялау (әзірленуде).
Қосымшада тұрғындар қалалық жобаларға дауыс бере алады, қалалық бастамаларды талқылауға қатыса алады және мегаполистің өмірінен хабардар бола алады. Өз пікірін білдіре отырып, тұрғындар қала билігіне қаланы дамыту бойынша дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.
Өз кезегінде Әлия Жақсалықова қосымшаның көпфункциялығына назар аударды. Қосымшаның көмегімен тұрғындар әр-түрлі бағыттар бойынша өзекті ақпаратты, қала туралы статистикалық деректерді және т. б. ала алады.
Мобильді қосымша үнемі жетілдіріліп, жақсартылып отырады. Спикерлер интерфейс және функционал бойынша өз идеяларыңыз бен тілектеріңізді iazamat@almatydc.kz электрондық мекенжайға жіберіңіздер деп атап өтті.