Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы жөндеу жұмыстары аяқталды: солтүстік жағы жөнделіп жатыр

gov.kz
gov.kz
Қозғалыс қауіпсіздігін патрульдік полицияның қызметкерлері қамтамасыз етеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы жол жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп келеді және жаңа оқу жылына дейін аяқталады. Қазіргі уақытта Торайғыров көшесінен Достық даңғылына дейінгі жолдың оңтүстік жағында жөндеу жұмыстары аяқталды – қозғалыс ашық. Назарбаев және Достық даңғылдарына бұрылыстар да жөнделді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Келесі кезең - Әл-Фараби даңғылының солтүстік қапталындағы көлік жолағын жөндеу.

22 шілде сағат 23:00-ден 24 шілде сағат 07:00-ге дейін Әл-Фараби даңғылының Жарбұлақ өзенінен Сейфуллин даңғылына дейінгі аумақта полимерлі асфальтбетон жабынын төсеуге байланысты батыс бағытта көлік қозғалысы толық шектеледі.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Жарбұлақ өзенінен Марков көшесі аралығында реверсивті қозғалыс болады.

Қозғалыс қауіпсіздігін патрульдік полицияның қызметкерлері қамтамасыз етеді. Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобильділік басқармасының ресми парақшаларында, сонымен қатар, 2ГИС қосымшасында қолжетімді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы магистральдық көшелерге жол төсемін төсеуде алғаш рет жаңа технологияларды қолданылды. Асфальтбетондардың құрамында полимерлер қолданылады. Мұндай қоспалар тозуға төзімді, жұмсару температурасы жоғары (65-70°C), ыстыққа төтеп беріп, әлдеқайда ұзағырақ қызмет етеді. Қазіргі 5 жылдың орнына 8-10 жыл пайдалануға болады.

Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп отыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Бұл қала жолдары ұзағырақ пайдалануға қажетті шара. Маршрутты алдын ала жоспарлап алыңыздар.

Новости партнеров