Дәурен Әбіровке 100 жыл толды: Алматыда қазақтың тұңғыш балетмейстерін еске алды

Almaty.tv
Almaty.tv
Жақындарының міндеті – асылдың мұрасын жастарға жеткізу, есімін дәріптеу
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақтың тұңғыш кәсіби балетмейстері Дәурен Әбіровтың туғанына 100 жыл толуына орай Алматыда мерекелік кеш өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өмірі өнермен сабақтасқан халық әртісін еске алу мақсатында «Алатау» дәстүрлі өнер театрында баспасөз конференциясы ұйымдастырылды. Сондай-ақ келушілерге өнер қайраткерінің ғұмырынан сыр шерткен суреттері қойылған көрме ұсынылып, арты концертке ұласты. Жиылған қауым Дәурен Тастанбайұлын қазақ би өнері мен балетінің қалыптасуына, дамуы мен жетілуіне ықпал еткен нар тұлға деп біледі. Өйткені ол – бар ғұмырын ұлттық өнерді кәсіби деңгейге шығаруға сарп етіп, нұсқаулық ретінде монография жазған, 18 хореографиялық ансамбль құрған алғашқылардың бірі. Жақындарының міндеті  – асылдың мұрасын жастарға жеткізу, есімін дәріптеу.

– 1940-1950 жылдары ресейлік балетмейстерлер қазақтарда би өнері болды деп есептемеген. Бұл мәселе әлі күнге дейін өзекті. Алайда қазақ халқының ұлттық би бар. Мұны менің әкем дәлелдеді. Ресейде оқуын бітірген соң Алматыға келіп, ауыл-аймақты аралап, ұлттық биіміздің қимылдарын, элементтерін зерттеді. Кейін 1954 жылы «Біржан-Сара» мен «Қыз Жібек» биін қойды. Бұл – халық куә болған алғашқы нағыз қазақ биі, – деді  Д. Әбіровтың қызы Кәмила Әбірова.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы Наурызбай ауданының құрылғанына 10 жыл толады

Новости партнеров