Наурызбай ауданында жыл басынан бері улы газдан 2 адам қаза болған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тұрғын үйлердегі өрттің алдын алу мақсатында аудан әкімдігі мен төтеншеліктер қауіпсіздік ережелері жайлы жадынамалар таратып, әлеуметтік осал топқа жататын отбасылардың үйлеріне уланудан қорғайтын арнайы құрылғылар орнатып жатыр.
«Өрттің шығуы қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан өртке ұшырайды. Және осындай иісті газден улануға ұшырайды. Сол үшін өрт қауіпсіздік шараларын, мұржаны тазалау, пешті ақтау деген сияқты қарапайым шараларды орындасақ, ондай фактілер болмайды», – деді Наурызбай ауданы төтенше жағдайлар басқармасының инженері Әлішер Дубеков.
Жыл басынан бері аудан бойынша 48 үйге осындай арнайы құрылғылар орнатылған. Соның ішінде әлеуметтік осал топ пен көпбалалы 41 отбасы бар.
«Наурызбай ауданы әкімшілігі мен төтенше жағдай қызметкерлеріне осындай құрылғы орнатып бергендеріне рақмет айтамын», – деді Наурызбай ауданының тұрғыны Дамира Әбілдаева.
«Алғысымды білдіремін. Осындай тегін улы газ анықтау датчигін орнатып бергендеріңіз үшін», – деді Наурызбай ауданының тұрғыны Әйгерім Сембиева.