Түрксіб ауданында 47 жылдан бері жөндеу көрмеген кәріз сүзгі станциялары қайта жаңартылмақ

almaty.tv
almaty.tv
Станция өңдеу жұмыстарын атқарып, апаттық жағдайдан қорғайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түрксіб ауданындағы 47 жылдан бері жөндеу көрмеген кәріз сүзгі станциялары қайта жаңартылмақ, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Бүгін осыған байланысты  «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны инвестициялық бағдарламаның орындалуы бойынша баспасөз турын өткізді. Белгілі болғандай, екі станцияға Венгриядан 8 су жаңа сүзгі алынған. Әрқайсысының бағасы 56 миллион теңге. Жаңарту жұмыстары 2019 жылдан бері кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді.  Станция өңдеу жұмыстарын атқарып, апаттық жағдайдан қорғайды.  «Алматы су» өкілінің айтуынша, мұндай жаңарту жұмыстары тұрғындар үшін суға төлейтін қаражатты айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді.

«Былтыр 3 насос ауыстырдық, соның нәтижесі 200 миллион теңгедей үнемдейміз. Ол біздің халыққа үлкен септігін тигізеді. Яғни ол тарифтің көтерілмеуіне себеп болады. Су құбырындағы апаттық жағдай да азайып жатыр», – деді «Алматы су» мекемесінің ресми өкілі Серік Шагиров.

Айта кету керек, биыл 1 ақпаннан бастап сумен жабдықтау қызметі 10%-ға арзандатылды. Ал қала бойынша табиғи монополияларды реттеу қызметкерлері бөлінген қаражаттың нақты мақсаттарға жұмсалғанын хабарлады.

«Біз сол инвестициялық бағдарлама бойынша берілген шығындардың нағыз орындалғанын, нақты орындалғанын көріп шығуымыз керек. Төрағаның тапсырмасын орындау бойынша біздің ең басты біздің бүгінгі жүргізіп жатқан баспасөздегі мақсатымыз осы. Сол енді жұмсаған шығындардың нақты орындалғанын біз бүгін көріп отырмыз», – деді Алматы қаласы бойынша табиғи монополияларды реттеу бөлімінің басшысы Ардақ Жаңабаева.

Новости партнеров