|
14.09.2020 | 17:09
2948

Алматыда коронавирустың екінші толқыны қауіпі жағдайында тұмауға қарсы вакцинацияның маңыздылығы туралы айтылды

Қала тұрғындарын тұмауға қарсы егу 15 қыркүйекте басталып, 15 қарашада аяқталады

Алматыда коронавирустың екінші толқыны қауіпі жағдайында тұмауға қарсы вакцинацияның маңыздылығы туралы айтылды Zakon.kz

Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында №2 Қалалық емхананың бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары Нұрия Қалмұратова тұрғындарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және респираторлық аурулардың өсу кезеңінде алдын алу шараларына көбірек көңіл бөлуге, атап айтқанда, бір инфекцияның екіншісіне қабаттасу қауіпін азайту мақсатында тұмауға қарсы алдын ала вакцинация жүргізуге шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алдағы күзгі-қысқы маусымда COVID-19 ауруының жаңа толқыны болуы мүмкін. Ол осы кезең үшін стандартты аурулар, яғни суық тию, бактериялық инфекциялар, тұмау, пневмония. Бұл күтпеген асқынуларға әкелуі мүмкін. Осыған байланысты вакцинациялау маңызды», — деді Н. Қалмұратова.

Естеріңізге сала кетейік, қала тұрғындарын тұмауға қарсы егу 15 қыркүйекте басталып, 15 қарашада аяқталады. Осы кезеңде алматылықтар емханаға өздерінің учаскелік дәрігеріне барып, алдын ала жазылып, екпе ала алады. Бұдан бұрын хабарланғандай, 400 мыңнан астам алматылық тұмауға қарсы тегін екпе алады. Олардың ішінде 264 мыңы — 65 жастан асқан адамдар, 125 мыңы — созылмалы аурулармен есепте тұрған адамдар, 22 мың бала, 9 мың мыңнан астам жүкті әйелдер.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир