2020 жылдың 26 желтоқсанында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров «Үміт үйіне» барып, қалалық білім, қоғамдық денсаулық басқармалары өкілдерінің және т. б. қатысуымен қалалық қамқоршылық кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Отырыс барысында қиын өмірлік жағдайдағы жалғыз басты аналар мен әкелерге көмек көрсету мүмкіндіктері қарастырылды. Тиісті басқармалар мен аудан әкімдіктеріне жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, оның ішінде мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында, сондай-ақ медициналық және білім беру қызметтерімен қамту бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.
Бүгінде «Үміт үйінде» жаңа туған балалардан бастап 7 жасқа дейінгі балалар уақытша тәрбиеленуде. Мекеме жұмыс істегелі мұнда 604 тәрбиеленуші оқытылды. Физикалық, психологиялық және адамгершілік-рухани дамуын ескере отырып, олардың мектепке дейінгі білім және тәрбие алуына жағдай жасалған.