Алматы көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Almaty.tv
Almaty.tv
Магистралды көшелердегі жөндеу қыркүйекке дейін аяқталады деп жоспарланып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Алматыда 200 шақырым болатын 230 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әл-Фараби мен Абай даңғылдарында бұл жұмыс басталып та кетті.

Әл-Фараби даңғылы соңғы рет 2010 жылы жөнделген. Араға 13 жыл салып тексеру жүргізген мамандар онда жөндеу жұмысын жүргізу керек деп шешкен. Өйткені жолдың жағдайы айтарлықтай нашарлаған. Техникалық тексеріс кезінде даңғыл бойында шұңқыр, ойылған, жарылған және отырған жерлер анықталды.

«Орташа жол жөндеу жұмыстары кезінде жол бойындағы қисайған бордюрлерді де қалыпқа келтіреміз. Сондай-ақ асфальттің үстіңгі бетін қолайсыздық туғызбас үшін түнгі уақытта ауыстырамыз. Ал дайындық күндіз жүргізіледі. Онда да бір жолақты ғана жауып жасаймыз. Қалғандары көліктер үшін ашық болады», – деді мердігер мекеме директорының орынбасары Игорь Соколов.

Әл-Фараби даңғылының 9 шақырымнан асатын бөлігіне жөндеу көлік қозғалысын ішінара шектей отырып жүргізіледі. Бұл көлік жүргізушілеріне қолайлы болуы үшін жасалған шара. Десе де, жаз келісімен жол жөндеу жұмыстары басталып, кептеліс тудырады дейді темір көлік тақымдағандар.

Магистралды көшелердегі жөндеу қыркүйекке дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Алматы әкімдігі қандай да бір көлік қозғалысы шектелсе, қосымша ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайтынын мәлімдеді.

Жадыра Омаржан, Сағындық Нарықов, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Мегаполисте 2027 жылға дейін неше мектеп салынады

Новости партнеров