Мегаполисте 2027 жылға дейін қанша мектеп салынады

Almaty.tv
Almaty.tv
Бұл туралы AMANAT партиясының қалалық филиалында өткен фракция отырысында айтылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 2027 жылға дейін 34 мектеп салынады, оның үшеуінің құрылысы биылға жоспарланған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұдан бөлек, белгіленген мерзімге дейін 5 балабақша мен 2 жатақхана қолданысқа беріледі. Бұл туралы AMANAT партиясының қалалық филиалында өткен фракция отырысында айтылды. Жиынға депутаттық фракция мүшелері мен аудандық филиалдардың төрағаcы, аудан әкімдері, сондай-ақ басқарма басшылары қатысты.

«Жұмыссыздарды жыл сайын 50 мыңға жуық жұмыс орнымен қамтамасыз ету – біздің сайлауалды берген уәдеміздің бірі. Оны орындап жатырмыз. Сонымен қатар 2027 жылға дейін «Бақытты отбасы» жобасы аясында 43 мың отбасын баспаналы ету жоспарымызда бар. Су мәселесін де ұмытпаған жөн. 4 су тарту құрылысын саламыз», – дейді AMANAT партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров.

Отырыс барысында маңызды мәселелер майшаммен  қаралып, оларды шешу үшін жауапты орган өкілдеріне бірқатар тапсырма берілді. Партияның қалалық филиалы барлық сайлауалды уәдесінің уақытылы орындалуын бақылауды күшейтетінін айтты.

Оқи отырыңыз: Мәжілісте балаларға Ұлттық қордан төленетін төлем туралы заң жобасы мақұлданды

Новости партнеров