2020 жылы азаматтар үшін кәсібін бастауға қандай гранттар берілді

2020 жылы азаматтар үшін кәсібін бастауға қандай гранттар берілді
Мегаполисте жалпы 26 мың жұмыс орнын құру көзделген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2020 жылы қаладағы 5 мың осал топты жылу және сумен қамтамасыз ету үшін дебиторлық берешектерін өтеуге жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Бұл жоба пандемия кезінде қала әкімінің тапсырмасымен жүзеге асты, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Ал 33 мың 5 жүз қала тұрғынының сәуір және мамыр айлары үшін  коммуналдық қызметтері өтелді. Сондай-ақ, өз кәсібін бастауға не ары қарай дөңгелету үшін 1705 кәсіпкерге 555 мың теңгеден өтеусіз грант берілді.

«Гранттардың негізгі қызмет түрлері – тігін ісі, тамақ дайындау, маникюр және шаштараз өнері және тағы басқа мамандықтар бар. Сол бойынша ол кісілер өздерінің гранттарын алып, жұмыстарын қазіргі кезде бастауда», – деді қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы.

Одан өзге 2020 жылы Жұмыспен қамту орталығы арқылы 24 мыңға жуық жұмыссыз қала тұрғыны екі қолға бір күрек тапты. Олардың орташа жалақы мөлшері 92 мың теңгені құрайды. Басқарма басшысының айтуынша мегаполисте жалпы 26 мың жұмыс орнын құру көзделген. Қазіргі таңда оның 87 пайызы іске асты.

«735 мемлекеттік бағдарламалар бойынша, 11 мыңы enbek порталынан жәрдемдестік. Мемлекеттің қолдау шараларынсыз 11 159 адам жұмыспен қамтылды», – деді қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы.

Новости партнеров