Алматыда 500-ге жуық жедел жәрдем бригадасы тәулік бойы жұмыс істейді

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv
Қоңыраулар саны көбеюіне байланысты Алматы қаласында диспетчерлер саны 20-ға дейін көбейтілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы Жедел жәрдем қызметіне шілденің басында күніне 8 мыңнан астам қоңырау келіп түскен. Оның жартысына жуығына дәрігерлер мен фельдшерлер шақырту бойынша барған. Бұл басқа уақыттарға қарағанда 3 есеге артық. Қазір шамамен 3 мыңға жуық қоңырау түседі екен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Түскен қоңырауларға дер кезінде жауап беру үшін жедел жәрдем қызметі диспетчерлердің де саны көбейтілген.

«Қоңыраулар саны көбеюіне байланысты Алматы қаласында диспетчерлер саны 20-ға дейін көбейтілді. Яғни, қоңырауларды қабылдау бөлімінде бүгінгі таңда 24 сағаттық негізде ауысыммен 20 диспетчер қызмет етеді. Және эвакуациялық бөлімде 12 диспетчер қызмет атқарады. Ол диспетчерлердің негізгі қызметі – түскен қоңырауларды Алматы қаласы бойынша бөліп беру және қадағалау», – деді  № 6 қосалқы жедел жәрдем стансасының меңгерушісі Шахиддин Бадиров.

Бүгінде Алматы қаласында 500-ге жуық бригада тәулік бойы шақыртуларға шығады. Ал, соңғы уақытта жедел жәрдем қызметіне келіп түсетін қоңыраулардың азайғанын мамандар карантин шараларының күшейтілгенімен байланыстырып отыр. Сондай-ақ, қаладағы медициналық мекемелердің де қоянқолтық жұмыс істеп бір ізге түскендігінің де арқасы дейді мұндағылар.  

«Емханалар мен стационарлардың жақсы жұмыс істеп жатқанын айта кеткен жөн. Себебі, біз 8000 мыңнан астам келіп түскен қоңыраудың жартысына тек консультациялық  көмек қана көрсететінбіз. Енді тұрғындар бірден жедел жәрдемге емес, басқа да медициналық мекемелерге хабарласуға болатынын біледі», – деді  қалалық Жедел жәрдем қызметі директорының міндетін атқарушы Біржан Оспанов.

Новости партнеров