Наурызнама: Астана алаңында эстрада жұлдыздары өнер көрсетуде

Almaty.tv
Almaty.tv
Мерекелік кеш түнгі сағат 22:00-ге дейін жалғасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Астана алаңындағы концерт әлі жалғасып жатыр. Эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтіп жатқан мерекелік кеш түнгі сағат 22:00-ге дейін жалғасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аңыз ансамбль – Досмұқасан бастаған өнерпаздар келушілердің көңілін көтеріп, өнерлерін паш етуде.

Жаңбырлы ауа-райына қарамастан, концертке жиналған қауымның қарасы аз емес. Мұнда таңертеңнен бері эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп жатыр. Ал сағат 18:00-ден бастап белгілі әртістердің қатысуымен Zhuldyzdy Almaty фестивалі басталды. Көрермендер де бүгінгі мерекелік іс-шараға дән риза.

Бүгін «Досмұқасан» ансамблі, «Үркер» тобы, Сейфуллин Жолбарыс, Мөлдір Әуелбекова, Жігер Ауыпбаев, Дана Кентай, «Диета KZ», «Жігіттер» квартеті, Әбдіжаппар Әлқожа өнер көрсетеді. Сондай-ақ эстрадаға енді аяқ басып келе жатқан жас буын өкілдері ән шырқайды. Жастар үшін бір ерекше кеш болып жатыр деп айтуға негіз бар. Алматының түнінде Қайрат Нұртастың «Алматы түні» әні міндетті түрде шырқалады.

Оқи отырыңыз: Этно дизайн: Жүннен жасалған қөлөнер бұйымдарынасұраныс артты


Новости партнеров