|
31.01.2024 | 20:06
2052

Сұрақ-жауап: Алмалы ауданы тұрғындарының мәселесі қалай шешіледі

Ерболат Досаев Алмалы ауданында денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті

Сұрақ-жауап: Алмалы ауданы тұрғындарының мәселесі қалай шешіледі Almaty.tv

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы Алмалы ауданында қарқынды жүзеге асып келеді. 2023 жылы оның аясында жалпы құны 1,6 млрд теңге болатын 34 жоба іске асырылған. Ал биыл қаржыландыру сомасы 2 млрд теңгеге дейін ұлғайған. Бұл туралы шаһар басшысы Ерболат Досаев аудан халқымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қала басшысы Алмалы ауданындағы 3 скверге жөндеу жүргізілетінін жеткізді. Көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеті және 59 ауланы абаттандыру жоспарда бар.  Сондай-ақ Қашқар көшесінде жаяу жүргіншілер аймағы пайда болады. Былтыр ауданда абаттандыру бойынша 25 жоба іске асырылған.

– Оның ішінде 6 қоғамдық кеңістік және автоматты суару құрылысы бар 19 жасыл аймақ көгалдандырылды. Архитектуралық келбетін сақтау мақсатында тұрғын үй кешендерінің 47 қасбетін жаңартылды. Сондай-ақ 2023 жылы тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында 91 аула абаттандырылды, – деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев7

Сондай-ақ аудан азаматтары Сайран көлі маңын абаттандыру қашан аяқталатынын сұрады. Көлдің жанындағы саябақты жаңғырту жұмыстары да тұрғындарды толғандырып келеді. Жауаптылар жоспардағы жұмыс биыл жыл соңына дейін аяқталады деп уәде берді.

Шаһар әкімінің айтуынша, абаттандыру бойынша конкурстық рәсімдер былтыр өтіп, мердігер ұйыммен келісімшартқа қол қойылған. Қалалық экология және қоршаған орта басқармасы басшысы қазір жағалауды нығайту жұмыстары атқарылып жатқанын жеткізді.

– Былтыр күзде конкурс жарияладық. Желтоқсанда мердігер ұйым анықталды. Енді жұмысты сапалы жүргізуді талап етеміз. Жыл соңында Сайранның жаңа келбетін көре аламыз деген ойдамын, – деді қала әкімі.

Ерболат Досаев Алмалы ауданындағы мектеп пен балабақшалар күрделі жөндеуден өтіп, әлеуметтік маңызы бар нысандарда сейсмикалық күшейту қолға алынғанын айтты. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

Гүлмарал Изатқызы, Ялкунжан Әшімжанов, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Алматының коммуналды қызметі қалың қармен қалай күресуде

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир