|
09.09.2024 | 20:11
87

Халық қатысатын бюджет: Алмалы ауданындағы аула қолданысқа берілді

Мегаполисте 900-ге жуық жоба іске асырылды

Халық қатысатын бюджет: Алмалы ауданындағы аула қолданысқа берілді Almaty.tv

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына өтініш қабылдау басталды. Төрт жыл бұрын басталған жобаға қызығушылық танытатын тұрғындар саны жылдан-жылға артқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Былтыр Алмалы ауданындағы аула қала тұрғындарының ұсынысымен «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына енген. Биыл абаттандырылып пайдалануға берілді. Мұнда 69 миллион теңгеге соңғы үлгідегі балалар мен спорт алаңы салынып, көгалдандыру жұмыстары жүрізілді. Автоматты суару жүйесі мен қоршау да орнатылған. Жоба авторының айтуынша, жөндеу жылдам орындалған.

– Іс жүзінде өтініш беру қиын емес. Тек ауланың эскизін жасап, кететін шығынды есептеп, өтінім беруіміз керек. Бірақ ең қиыны дауыс жинау болды. Жоба қабылданған соң небәрі  2,5 айдың ішінде құрылыс жұмыстары аяқталды. Тұрғындар игілігін көріп отыр, – деді қала тұрғыны Наталья Лазарева.

Кәмелетке толған кез келген қала тұрғыны бюджет қаражаты есебінен қаланың аулаларын, көшелері мен аудандарын абаттандыруға ұсынысын білдіре алады. Жауаптылар бағдарламаға жобасын ұсынып, дауыс беруге қатысып, белсенділік көрсететіндер саны артып келе жатқанын айтты. «Халық қатысатын бюджет» аясында мегаполисте 900-ге жуық жоба іске асырылған.

Ауланың мекен жайын, жобаның бағасын есептеп, жазу керек. Оны қарастырғаннан кейін, дауыс беру кезеңіне жібереміз. Алматы қаласы бойынша тұрғындар дауыс бере алады. Көпшілік қолдаса, жоба іске асады, – деді Алмалы ауданы әкімі аппараты көріктендіру бөлімінің бас маманы Керімхан Әбдіраман.

Ұсынылатын жоба құны биыл 92 миллион 300 мың теңгеден аспауы керек. Шаһардың көркеюіне үлес қосамын деген қала тұрғындары budget.open-almaty.kz порталында ережелермен танысып, ұсынысын 25 қыркүйекке дейін өткізе алады.

Жансая Олжабек, Ғани Қалуов, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңызAlmaty City Games: жас спортшылар арасындағы тартыс үш аптаға созылмақ


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир