Жыл басынан бері «Еңбек» бағдарламасы бойынша 23 мыңға жуық алматылық жұмысқа орналасты

@almaty_akimat
@almaty_akimat
Қаланың 6 ауданында Жастар ресурстық орталықтары жұмыс істеп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жыл басынан бері «Еңбек» бағдарламасы бойынша 23 мыңға жуық алматылық жұмысқа орналасты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев халықты жұмыспен қамту, атап айтқанда жастарды жұмысқа орналастыру мәселелерін   шешуге ерекше көңіл бөледі. Осы мақсатта Алматыда халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс істейді.  Сондай-ақ, қаланың 6 ауданында Жастар ресурстық орталықтары жұмыс істеп жатыр.

Жалпы, жыл басынан бері Алматыда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 22 995 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Оның ішінде уақытша жұмыс орындарына

– 13 691 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 1087 адам, қоғамдық жұмыстарға – 11 276 адам, жастар тәжірибесіне 1328 адам жұмыспен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда Алматы қаласында 15 599 бос жұмыс орнына 11 060  хабарландыру бар. Бос орындар бойынша ақпаратты еңбек биржасының enbek.kz электронды порталынан алуға болады.

Новости партнеров