Алматыда биыл 4 саябақ ашылады

ortcom.kz
ortcom.kz
Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде қаланы көгалдандыру және абаттандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда биыл  4 саябақ ашылады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев ОКҚ-да өткен Алматы қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 5 айдағы негізгі қорытындылары туралы сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде қаланы көгалдандыру және абаттандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

Биыл 4 жаңа саябақ аймағы іске қосылып, 4 гүлзар абаттандырылады.

«Жасыл Алматы» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылдың басынан бері 145 мың көшет отырғызылды. Жыл соңына дейін тағы 360 мың ағаш отырғызу жоспарланған. Бұл  3 жылда 1 млн ағаш отырғызу жоспарын орындауды қамтамасыз етеді», - деді Ерболат Досаев.

Новости партнеров