Алматыда індеттің алдын алу мақсатында жаңа автобустардың саны көбейтіліп жатыр

Қажетті құралдармен жабдықталып, жаңадан бейнекамералар орнатылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында жаңа автобустардың санын көбейтіліп жатыр. Олардың бір бөлігі ескі көліктерді алмастырса, екіншісі қазіргі бағыттарға қосымша шығарылады. Толығырақ Almaty.tv тілшісі тарқатсын.

Көріп тұрғаныңыздай, автобустың іші ыңғайлы етіп жасалынған. Мұнда 90-ға жуық адам сияды. Қажетті құралдармен жабдықталып, жаңадан бейнекамералар орнатылған.

Бүгін қалаға ұзындығы 12 метр болатын 25 су жаңа автобус келді. Олар енді шаһар тұрғындарының өтініші бойынша жақын арада нөмірі 12-ші және 127-ші маршруттық бағытқа қойылмақ.

«Пандемия, өздеріңіз білесіздер. Сол үшін біз автобустардың ортасын жақындатып, адамдарды аз отырғызуға, кішкене арақашықтық болса да ұстап отырмыз. Достық даңғылы мен Медеуге дейін жүреді», – деді №2 автобус паркінің директоры Сабыржан Құндақбаев.

Келген автобустардың барлығы да экологиялық талапқай сай жасалған. Яғни, газбен жүреді. 16 жылдан бері автобус жүргізіп келе жатқан Мұрат Сопақов та осындай көліктердің келгеніне риза.  

«Келген жаңа автобустар өте ыңғайлы. Бұрынғыға қарағанда ыңғайлы әрі сапасы жақсы. Мынадай қойылған дачиктері бар. Жүргізуші ұйықтап кеткен жағдайда белгі беріп тұрады», – деді автобус жүргізушісі Мұрат Сопақов.

Айта кету керек, Алматыда қоғамдық көліктердің саны артып жатыр. Соның арқасында жаңадан кадрлар даярланып, жұмысшылар тартылуда. Еске салайық, жыл басынан бері 137 автобус келсе, жақын арада тағы 13 көлік сатып алынбақ.

Мерей Қанапиянов, Мейрам Исабеков, «Алматы» арнасы


Новости партнеров