«Бетперде тағыңыз. Жақындарыңызды сақтаңыз».Түрксіб ауданында осы тектес сөздер жазылған төрт мыңға жуық баннер ілінді. Жалпы Алматы қаласы бойынша басталған ауқымды акция аясында тағы қандай шаралар жасалуда? Тегін бетперде қай жерлерде таратылып жатыр? Almaty.tv тілшісі Сымбат Ноғай біліп қайтты.
Насихаттау шараларына Түрксіб ауданы қарқынды түрде кіріскен. Тіпті жүргіншілер аймағы мен асфальтта 200 ақпараттық жазба жазылыпты. Ал халық көп жиналатын саябақтар, скверлер мен алаңдарда еріктілер тегін медициналық маска таратып жатыр.
«Қала тұрғындары біздің таяқшамызды оқыған кезде, өмірлерін жауапкершілікке алып, бетперделерін тағып, арақашықтық сақтауда. Біздің ең бірінші мақсат – ол қала тұрғындарына пайдалы ақпаратты беру және санитарлы талаптардың сақталуына себепкер болу», – деді ерікті Сахи Бекембай.
Ал Бостандық ауданы бойынша саябақтар ішінде көгалдарда мынадай арақашықтық шеңберлері сызылған. Ұйымдастырушылардың мұндай тапқырлығын тұрғындар да қолдап отыр.
БЛИЦ: Қазіргі елемізде болып жатқан мына жағдайға байланысты осындай саябақтарға келіп өз жұмысымызды жасап, жаңа заңға байалнысты осындай топтың ішінде отыру бізге өте тиімді болып отыр.
БЛИЦ: Шеңбердің сызылғаны дұрыс. Әр адамның денсаулығы өзіне керек, сондықтан шаралардың орындалғаны дұрыс.
Аудан бойынша жалпы екі мыңнан аса бетперде таратылған. 9000-ға жуық баннерлер мен плакаттар орнатылған. Сондай-ақ, ең ірі үш саябақ көгалдарына арақашықтық шеңберлері сызылыпты.
«Акцияның мақсаты негізігі – осы адамдарға қазіргі карантиннің режимін түсіндіру, осы пандемияға қарсы түсіндірме жұмыстарын жүргізу», – деді ерікті Әділ Нұрпейісов.
Аталған шаралар Әуезов ауданында да жүргізіліп жатыр. Аймақта еріктілер карантин ережелері жазылған парақшалар мен маска таратуда. Ал, саябақтар, спорт алаңдары, көпірлер мен тұрғын үй қабырғаларына жалпы 2320 ақпараттық баннер ілінді.
Сымбат Ноғай, Айдос Байназаров, «Алматы» арнасы