Алматыда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Мегаполистің үздік отбасылары республикалық кезеңге жолдама алды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының қалалық комиссиясы үлгілі отбасы атағына лайық үміткерлерді анықтады. Байқаудың қалалық кезеңінде 16 отбасының жанұялық құндылықтары мен дәстүрлері, қоғамдық белсенділігі және отбасы институтын нығайтуға қосқан үлесі бағаланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Биыл байқауға қатысу үшін 260-тан астам өтініш түскен. Аудандық іріктеуден кейін қалалық кезеңге әр ауданнан екі отбасыдан, барлығы 16 жанұя жолдама алды. Енді жеңімпаздар Алматы қаласының намысын республикалық кезеңде қорғайды.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы Қазақстанда 2014 жылдан бері өткізіліп келеді. Оның негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын сақтау және ұлттық дәстүрді ұлықтап жүрген отбасыларды қолдау.

«Әр ауданнан жеңімпаз атанған екі отбасы ұсынылды. Олар өздерінің өмірлік тәжірибесін, отбасы тарихын бейнеролик пен презентация арқылы таныстырды. Биыл біз әр отбасының мейірімділік пен қайырымдылыққа қаншалықты мән беретінін де бағалап жатырмыз», – деді Марат Қалимолдин, Қоғамдық кеңестің мүшесі.

Оқи отырыңыз: Алаяқтардың жаңа тәсілі: SMS-код сұрайтын «курьерлерден» сақ болыңыз