Алматыда Райымбек батыр даңғылы уақытша жөндеуге жабылады

Almaty.tv
Almaty.tv

Маршруттыалдын ала жоспарлап алған жөн

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Райымбек батыр даңғылы бойындағы BRT жобасын жүзеге асыру аясында құрылыс жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

26 шілде күні сағат 08:00-ден бастап 30 тамыз күні сағат 22:00-ге дейін Пушкин көшесінен шығыс бағыттағы Есенов көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады.

Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген тақта орнатылады. Маршруттыалдын ала жоспарлап алған жөн.

Естеріңізге сала кетейік, жол қозғалысына қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS сервистерінде жарияланады.

Оқи отырыңыз: EcoQala Fest: Медеу ауданында тазалық фестивалі қалай өтті

Новости партнеров