Жанна Асанова қоғамдық кеңеспен кездесті
Алматы агломерациясы, көлік инфрақұрылымы, экологияны жақсарту және төтенше жағдай кезінде тиімді әрекет ету. Бүгін сенатор Жанна Асановамен кездескен қалалық қоғамдық кеңес мүшелері осы мәселелерді көтерді. Басқосуда депутат Парламенттің соңғы бір жылда атқарған жұмыстарына тоқталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Оның айтуынша, осы уақыт аралығында 150-ден аса заң қаралып, оның 89-ы қабылданған екен. Соның нәтижесінде қоғамда айтарлықтай бетбұрыс байқалыпты.
Қоғамдық кеңес мүшелері Сенат депутатына франчайзингті дамыту мен метрополитен құрылысына қатысты да сауалдарын қойып, оны шешу жолдарын талқылады. Жүздесу соңында шаһардағы түйткілдердің түйінін тарқату бойынша келесі маусымға жұмыс жоспары әзірленді
«Біз әрқашан қоғамдық кеңеспен тығыз байланыстамыз. Себебі, депутаттың қызметін негізі қоғамның сұранысы анықтайды. Ал бұл жай ғана қоғамдық кеңес деген құрылым емес, бізбен күнделікті бірлесе жұмыс істейді. Осы қоғамдық кеңес, мәслихаттың көмегі арқасында заңға өзгерістер енгізіп, депутаттық сауалдар жолдаймыз, басқа да жұмыстарды жүргізесіз», - деді ҚР Парламенті сенатының депутаты Жанна Асанова.
Оқи отырыңыз: "Лабубу" балаға қауіпті ме: мамандар трендке айналған қуыршаққа қатысты ескерту жасады