Жүргізуші көз жұмды: СҚО-да жұк көлігімен соқтығысқан жеңіл көлік өртеніп кетті

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында «Петропавл-Жезқазған» автожолында екі көлік соқтығысып, салдарынан жеңіл машина жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Приишимка елдімекенінің маңында болған. Toyota Camry автокөлігі жолда Shacman жүк көлігіне соқтығысып, жеңіл көлік лап етіп, отқа оранған. Жүргізушіні құтқару мүмкін болмады. 

СҚО Полиция депортаменті баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасын растады. 

— 7 ақпанда СҚО аумағында «Жезқазған — Петропавл» автожолында Shacman жүк көлігі мен Toyota Camry жеңіл автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол апаты салдарынан Toyota автокөлігінің жүргізушісі мерт болды. Осы дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталып жатыр, - делінген ведомствоның жауабында.

Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жол жағдайын ескеруге және көлік құралдарының техникалық жағдайын тұрақты бақылауда ұстауға шақырды. 

Оқи отырыңыз: Полиция алматылық жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады

Новости партнеров