Бостандық ауданында 14 жаңа жылдық атрибут қосылды
Алматы да жаңа жыл қарсаңында тамаша безендіріліп, көпке мерекелік көңіл-күй сыйлады. Барлық аудан көздің жауын алатындай жарық шамдармен көмкеріліп, қалаға ерекше көрік беріп тұр. Әр ауданда мерекелік концерттер ұйымдастырылып жатыр. Бүгін шаһарда барлығы 80 шырша жағылды. Тек Бостандық ауданында 14 жаңа жылдық атрибут қосылды. Соның бірі – Атакент маңындағы шырша, деп хабарлайды Almaty.tv.
Меркелік көңіл-күй керемет! Жиналған жұрттың қарасы қалың! Жаңа ғана мұнда шырша жағылды. Отбасылық мереке болғандықтан тұрғындардың басым көпшілігі бала-шағасымен келген. Мерекеге байланысты Бостандық ауданында 14 шырша орнатылып, 4 мұз айдыны іске қосылған. Сондай-ақ 20-ға жуық Жаңа жылдық іс-шара жоспарланған.
Айта кетейік, шырша маңына жиналған аудан халқының көңіл-күйі керемет. Қалың қар жауып, ауа райы да мерекелік атмосфера сыйлап тұрғандай. Жиналған жұрттың өзімен тілдесіп, мерекеге қалай дайындалып жатқанын сұрайын.
БЛИЦ
"Әрине, ұнап жатыр. Шырша құрылып жатыр. Жаңа жылдық мереке кәдімгідей сезіліп тұр".
" Жаңа жылдығы шырша шамын жағылады, көруге арнайы келдім".
"Тамаша, күшті! Мерекелік көңіл-күй керемет! Алматы – ең әдемі қала!"
Бостандық ауданында жаңа жыл мерекесі қарсаңында тегін мұз айдындары да жұмыс істеп тұр. Кез келген қала тұрғыны, немесе қонаққа келгендер сырғанаққа келіп, уақытын тиімді өткізе алады.
Оқи отырыңыз: Алматыда бас шыршаның шамы жағылды