Алматының Түрксіб ауданындағы №20 мектепті кеңейту: жобалық шешім қайта қаралады

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

1953 жылы салынған №20 мектеп 720 оқушыға есептелген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түрксіб ауданындағы №20 мектепті кеңейту жобасы жер телімдерін алу мәселесіне қатысты туындаған сауалдарға қарамастан жүзеге асырылады. Себебі мектептегі орын тапшылығын шешу – қаланың басым бағыттарының бірі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

1953 жылы салынған №20 мектеп 720 оқушыға есептелген. Алайда қазір мұнда шамамен 1200 бала білім алуда. Оқу орны қосымша кабинеттерге мұқтаж, екі ауысыммен жұмыс істеп жатыр. Бұл оқушылар үшін де, педагогтар үшін де қолайсыздық туғызуда. Спорт залында бір мезетте 3-4 сынып қатар жаттығу өткізсе, 80 орындық асхана оқушылар санын толық қамти алмай отыр.

«Тұрғындардың ұсынысын ескере отырып, біз жобалық шешімді қайта қарастырып жатырмыз. Қазір 1200 орынға арналған жаңа 5 қабатты мектеп салу жоспары әзірленіп жатыр. Оның ішінде спорт және ойын алаңы да болады. Бұл жер телімдерін алу көлемін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Дегенмен мынаны түсіну маңызды: қала дамып келеді, ал әлеуметтік инфрақұрылымды кеңейту қажет әрі уақыт талабы», — деді Бейбіт Шаханов.

Оқи отырыңыз: Алматыда Республика күніне арналған мерекелік іс-шаралар басталды

Новости партнеров