Дархан Сатыбалды «Алматы-1» вокзалының жаңғырту жұмысын тексерді

Мамандар инженерлік желілерді тарту жұмыстарын жоспарға сәйкес жүргізіп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Алматы-1» теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Қазіргі таңда жобаның 43 пайызы орындалған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Мамандар инженерлік желілерді тарту жұмыстарын жоспарға сәйкес жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар вокзалдың жоғарғы қабаты мен жертөлесіндегі техникалық бөлмелерді әрлеу басталған. Жауапты мердігерлер нысанды жаңа оқу жылы қарсаңында аяқтап, 1 қыркүйектен бастап жолаушыларды қабылдауды жоспарлап отыр.

Қала әкімі құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, барлық жұмысты белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ Дархан Сатыбалды Райымбек батыр даңғылын Жетісу көшесінен Шығыс айналма автомобиль жолына дейін ұзарту жобасының жүзеге асу барысын да тексерді. Қазір бұл аумақта сатып алынған нысандарды бұзу, аумақты тазарту және инженерлік желілерді көшіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Алдағы күндері 45 градусқа дейін күн ысиды: дәрігерлер ескерту жасады