Гидросебу: Алматыда көктемгі көгалдандыру жұмысы басталды

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Гидросебу – газон шөбінің тұқымын гидроегу құрылғысы арқылы себу тәсілі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бостандық ауданы әкімдігінің мәліметінше, Жароков, Жандосов, Сәтбаев көшелері мен Әл-Фараби даңғылы бойында жол бөлігі мен тротуар арасындағы жасыл аймақтарды көгалдандыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көгалдандыру үшін гидросебу әдісі қолданылады.

Гидросебу – газон шөбінің тұқымын гидроегу құрылғысы арқылы себу тәсілі. Бұл әдісте тұқымдар жабындау материалымен (негізінен ағаш талшықтары немесе целлюлоза негізіндегі жабын, кейде үгінділер, сабан), табиғи жасыл бояғыш, гидрогель, бекіткіш, синтетикалық талшықтар, топырақ жақсартқыштар және тыңайтқыштар араластырылған қоспа түрінде дайындалады.

Бұл шөпті тегіс емес жерлерде және үлкен көлемде отырғызуға мүмкіндік беретін заманауи көгалдандыру технологиясы. Мұндай әдіспен қала саябақтары мен скверлері көгалдандырылады.

Көктемгі гидросебу жауын-шашынның мол түсуін және қалыпты температураны пайдалана отырып, тұқымды жазғы кезеңге тән стресстік жағдайсыз отырғызуға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Алматыда коммуналдық қызметтердің үздік қызметкерлері таңдалды

Новости партнеров