Шымкентте алименттік қарыз көлемі рекордтық көрсеткішке жетті

Ұл-қызына алимент төлемейтін әйелдердің саны 300-ге жуықтаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте алименттік қарыз көлемі рекордтық көрсеткішке жетті. Бауыр еті баласына ақша бермей жүргендердің қатары артып, берешегі 6,5 миллиард теңгеден асып кеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 миллиард теңгеге көп, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгінде бір ғана әкенің қарызы 16 млн теңгеге жеткен. Бұдан бөлек, ұл-қызына алимент төлемейтін әйелдердің саны 300-ге жуықтаған. Кейбірінің қарызы 11 миллион теңгені құрапты. Мамандар берешектің көбеюіне борышкерлердің тұрақты әрі ресми жұмысының болмауы себеп болып отырғанын айтты.

 Десе де, табысын жасырып жүргендер де кездеседі.

«Биыл 265 борышкер ӘҚБК-тің 669-бабымен жауапқа тартылды. Оның ішінде 163 борышкер 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынды. Ал 102 борышкерге айыппұл тағайындалды. Жыл басынан бері 95 қылмыстық іс қозғалды», – деді Шымкент қаласы прокурорының көмекшісі Бауыржан Мырзалиев. 

Оқи отырыңыз: Қос бірдей қызының көзінше әйелін аяусыз ұрған ер адам ұсталды