Қазақстанға қоныс аударған корейлердің тағдыры сахнада көрсетілді

Корей театры 95-ші маусымын жаңа спектакльмен ашты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының 95-ші маусымы басталды. Осыған орай көрермен назарына 1937 жылғы депортацияны арқау еткен «Мұра» спектаклінің премьерасы ұсынылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Лаврентий Сон мен Станислав Лидің «Жады» пьесасының желісі бойынша сахналанған қойылым туған жерінен күштеп көшіріліп, Қазақстанға қоныс аударған корей халқының тағдырын баяндайды. Ұзақ жолдың қиындығы, жаңа жерге жерсіну кезеңі мен тұрмыс тауқыметі бірнеше отбасының өмірі арқылы өрбиді. Айта кетейік, өнер ұжымы 95 жыл ішінде 300-ден астам спектакль мен концерттік бағдарлама ұсынып, оларды 10 миллионға жуық көрермен тамашалаған.

"95-ші маусымның ашылуына байланысты бүгін «Мұра» атты спектакльінде менің кейіпкерім Гильман. Өте бір лауазымды отбасынан шыққан. Оқуға, білімге деген жақын адамдардың бірі болған. Бұл спектакль жайлы айта кететін болсақ, бұл кәрістердің Қазақстанға депортация дейді ғой, солай келген кезеңді көрсетеміз", - деп атап өтті Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының актері Данияр Әріпов.

Оқи отырыңыз: 28 қыркүйек - қазақ әдебиетіндегі үш бірдей алып жазушының туған күні