Миллиондаған көрермен Алматыны Travel XP эфирінен көреді

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Travel XP халықаралық телеарнасы Instagram желісінде Қазақстанға арналған жаңа шығарылымның тизерін жариялады. Бағдарламада Алматы саяхаттың басты бағыты ретінде таңдалған. Жаңа шығарылым 2026 жылдың маусым айының соңында әлемнің 110-нан астам елінде көрсетіледі,деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Түсірілім жұмыстары барысында Travel XP шығармашылық тобы Алматыға арнайы келіп, мегаполистің ең танымал туристік орындарын таспаға түсірді. Бағдарламада Көктөбе, Көк базар, Арбат, 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы, Республика сарайы және шаһардың өзге де көрікті нысандары қамтылған. Түсірілімді ұйымдастыруға Almaty Tourism Bureau қолдау көрсетті.

Алдағы шығарылым халықаралық аудиторияны Қазақстанның ең ірі қаласының табиғатымен, бай мәдениетімен, гастрономиялық ерекшеліктерімен және заманауи тыныс-тіршілігімен таныстырады.

Әлемдегі жетекші туристік телеарналардың бірінде Алматы туралы бағдарламаның көрсетілуі қаланың туристік әлеуетін ілгерілетудің тиімді тетігіне айналмақ. Бұл жоба миллиондаған көрерменге Алматының көркем тау табиғаты, қарқынды қала мәдениетін және сан алуан демалыс мүмкіндіктері туралы кеңінен мағлұмат береді.

Оқи отырыңыз: Алматылық семсерлесушілер Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды