Санитарлық тазарту мен көріктендіру жұмыстары жалғасын табады
Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы және «Мөлдір бұлақ» экологиялық бастамасы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстары Тіксай және Қазачка өзендерінің жағалау аумақтарын, сондай-ақ қаланың бірқатар учаскесін қамтыды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сенбілік Кеңсай-3 аумағында, Тіксай өзенінің жағасында, Думан шағынауданында, Бұқтырма көшесінің бойында, сондай-ақ Қазачка өзені көшесі, 185 мекенжайы маңында жүргізілді.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, сенбілікке 14 бірлік арнайы техника жұмылдырылып, көшелер мен аулалар, жасыл аймақтар мен қоғамдық кеңістіктер тазартылды. Шамамен 3 гектар аумақ ретке келтіріліп, 5 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
«Таза Қазақстан» және «Мөлдір бұлақ» акциялары аясындағы сенбіліктер қаланың тазалығын сақтау, қоғамдық кеңістіктерді көркейту және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
Санитарлық тазарту мен көріктендіру жұмыстары жалғасын табады.
Оқи отырыңыз: 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні